«Зорлап, жалаңаш күйде далаға тастап кетеміз»: Ақтауда бір топ ер адам азаптаған марқұм қыздың құрбысы сұмдық жайт туралы айтты

Қорлыққа шыдамаған жәбірленуші 3 күн өткен соң 9-қабаттан секіріп, қайтыс болды.

Ақтауда бірнеше ер адам бойжеткенге мефедрон беріп, зорлаған. Артынша, жәбірленушіні қорқытып, несие алдыртқан. Бұл туралы Stan.kz жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қорлыққа шыдамаған жәбірленуші 3 күн өткен соң 9-қабаттан секіріп, қайтыс болды. Жәбір көрген қыз каратеден спорт шебері. Марқұм қыздың құрбысы оқиғаны толық баяндады. 

"Кальян да шекпеген, ішімдік те ішпеген, өмірінде бірде-бір рет темекі тартып көрмеген. Газдалған сусын да ішпеген. Өзі спортқа жақын қыз еді. Жан-жағына фонарик жағып тұрған кезде 5 бала ұрып, машинаға салып алып кетеді. Машинада отырғызған бойда "Закладчиксің бе? Сенің базаң қайда?" деп сұрап, сабай берген. "Бастығымызбен сөйлесесең, бәрін айтасың" деген. Алина "Маған кім келсе де, бәрібір. Ешқандай закладчик емеспін." дегенде Еркебұлан деген жігіт "Қой, сен спортсмен болсаң, танитын едім ғой" деген. Нұргелді деген машина отырып, Алинаға жаман видеолар көрсетеді. "Қарағым келмейді" деп айтса да, шаштан ұстатқызып, видеоларды қарауға мәжбүрлеген. "Далада тұрған еркектердің бәрін көріп тұрсың ба, бәріміз сені общий зорлаймыз, жалаңаш күйде далада тастап кетеміз" деген немесе сен қазір менің айтқанымды тыңдайсың деп айтқан", – дейді құрбысы. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Stan.kz ақпарат агенттігі (@_stan.kz)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.