Қазгидрометтің болжамы бойынша, Қазақстанның көп бөлігі антициклон ықпалында қалып отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, 13 қаңтарда ел аумағында негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Алайда кей аймақтарда тұман мен жел күшейеді.
Республика аумағында 13 қаңтарда тұман болатын аймақтар:
• Атырау облысы: оңтүстік, батыс, солтүстік және Атырау қаласы;
• Маңғыстау облысы: түнде және таңертең батыс пен солтүстігінде, Ақтау қаласында;
• Ақмола облысы: түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында, Көкшетау қаласында;
• Қызылорда облысы: оңтүстігінде;
• Абай облысы: солтүстік пен оңтүстігінде және Семей қаласында;
• Шығыс Қазақстан облысы: батыс, солтүстік және оңтүстік аймақтары мен Өскемен қаласында;
• Батыс Қазақстан облысы: күндіз батысы мен солтүстігінде, түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде және Орал қаласында;
• Түркістан облысы: оңтүстігі мен таулы аймақтарында;
• Солтүстік Қазақстан облысы: батысы, оңтүстігі және шығысында;
• Жетісу облысы: шығысы мен таулы аймақтарында;
• Қостанай облысы: батысы, солтүстігі және шығысында, Қостанай қаласында.
Жел күшейеді
• Жамбыл облысы: солтүстік-шығысында және таулы аудандарында;
• Жетісу облысы: Алакөл көлдері аймағында;
Жел жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.
Семей мен Өскемен қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты екінші дәрежелі ескерту жарияланды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.