Актер Рүстем Жаныаманов журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында Інжілді қазақша дыбыстаған кезі туралы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Актер қаражаттан қысылған кезінде бұл ұсыныстан бас тарта алмағанын және осы жұмысы үшін қомақты қаражат төленгенін жасырмады.
“Кино, телехикаядан күнде ұсыныс түсе бермейді. Арасында дубляжбен айналысамын. Бір күні жұмыссыз қалдым. Сол уақытта қаражат керек еді. Бірде бір адам хабарласып, шақырды. Дубляжбен айналысатынымды айттым. Сөйтіп бір мәтін оқытып, дауысымды сынап көрді. Дауысымды ұнатты, бірге жұмыс істеуді ұсынды. Мәтіннің көлемін, жұмыстың қанша уақытқа созылатынын айтқан жоқ. Ертесі келсем бір десте қағаз дайындап қойыпты. Біреуін алып бастап оқыдым. Сөйтсем Інжілді қазақшаға аударып жатыр екен. Бірде тоқтап қалып “Не істейін, жазайын ба, жоқ па?” деп ойланып қалдым. ...Бірақ ақша керек. Іштей “жақсы нәрсе ғой” деп тағы ойлап қоямын. Сөйтіп жартысына дейін оқыдым. Алайда әрі қарай оқи алмайтынымды, мұсылман екенімді айттым. Ондағылар осыған дейін оқығанымның ақшасын береді екен. Әлгі жерде қатты қиналдым. Десе де соңына дейін оқып бердім. Бір айға жуық бірге жұмыс істедік. Өте жақсы төледі. 3-4 миллиондай бар. Сол кезде ол жақсы ақша еді”, – дейді актер.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.