Әзілкештер перзенттері дүниеге келмей жатып бесік құда болғанын айтады.
«Бесік құдамыз»: Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек арманын айтты
Фото: видеодан кадр
523
оқылды

Танымал тележүргізушілер Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек Динара Сәтжанға берген сұхбатында болашақта құда болғысы келетіндерін айтты, – деп жазды Aikyn.kz.  

Әзілкештер перзенттері дүниеге келмей жатып бесік құда болғанын айтады. 

"Менің келіншегім тұңғышымызға жүкті, ал Мараттың келіншегі үшіншісіне аяғы ауыр. УДС (УЗИ) түсуге барып менде ұл екенін, оныкі қыз екенін біліп, "құдеке" деп әзілдескен едік. Кейін екінші УЗИ бізге ұл деді. "Болды, енді құда бола алмаймыз" дегенде Мараттардыкі қыз екенін естідік. Сосын қайтадан "ооо, құдеке" деп әзілдестік", –  деді Еркебұлан Мырзабек.  

Марат Оралғазин бұл айтылған сөздер әзіл болғанымен, болашақта орындалып жатса қатты қуанатынын жеткізді. 

"Бұл, әрине, әзіл болды. Жақын дос болған соң әзілдеп, ырымдаған едік. Негізі ниет қой. Ниетіміз орындалып жатса, әрине, қуанамыз", –  деді Марат Оралғазин. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.