Актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде 2025 жылдағы алғашқы жазбасын жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
Актриса осы жыл несімен ерекше болатынын айтып, оқырмандарына неден қателеспеу керегін түсіндірген.
«Көзді ашып-жұмғанша жаңа жылдың алғашқы айының ортасы болып қалыпты.Қалай тез. Осы 2025 жыл тіпті тез өтеді дейді. Әр адам өзінің жан дүниесіне көп үңіледі, өзін іздейді, руханиятқа келеді дейді. Иә, шынымен материяда өмір сүргенімізбен, оның уақытша екенін жанымыз білсе керек. Сол үшін де адамның жаны руханиятқа ұмтылады. Бірақ меніңше барлық салада адамға мықты ұстаздар керек. Бастысы, осы жерде қателеспеу керек сияқты. Сіздер қалай ойлайсыздар?» - деді актриса.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.