Прокурор сотталушыға шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Кінәсін мойындаған: Жітіқарада өрттен көз жұмған 5 баланың анасы сотталды
istockphoto.com
420
оқылды

Қостанай облысы Жітіқарада бес баласы өртеніп кеткен ана сотталды. Оған 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Сотталушы балаларын қараусыз қалдырып, үлкен ұлына үйдің іші салқындаған жағдайда пеш жағу керегін айтқан. 

Ұлы өрттің шығуына себеп болған белгісіз сұйықтықпен жатқан пластикалық бөтелкені отқа салады. Салдарынан пештен жалын шыққан.

Сотталушы кінәсін мойындаған. Сонымен қатар куәгерлердің айғақтарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен дәлелденді. 

Прокурор сотталушыға шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Жәбірленушінің өкілі (аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі) сотталушының жас баласы барын ескеруді және жазасын жеңілдетіп, бас бостандығынан айырмауды сұрады.

ҚК 292-бабы 3-бөлігінің санкциясы баламасыз жазаны – 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.  ҚК-нің 11-бабы 3-бөлігіне сәйкес жоғарыда аталған қылмыс абайсызда жасалған орташа ауыр қылмыстар санатына жатады. 

Сот әйелді 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. ҚК-нің 74-бабының негізінде жас баланың болуына байланысты жазаны орындауды кейінге қалдырды. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.