Бұл туралы Көлік министрлігі мәлімдеді.
Ақтаудағы ұшақ апаты: қара жәшіктен алынған деректер Бразилиядан Қазақстанға жеткізілді
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
1,759
оқылды

Ақтау маңында апатқа ұшыраған Әзербайжан ұшағының «қара жәшіктері» Бразилиядан Қазақстанға жеткізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бұл туралы Көлік министрлігі мәлімдеді. 

«ҚР Көлік министрлігінің Авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссиясы ИКАО-ның 13-қосымшасының стандарттары мен ұсынылатын практикасына сәйкес, барлық факті мен материалдарды егжей-тегжейлі зерделегеннен кейін алдын ала есепті жариялайды. Есепте анықталған нақты ақпарат пен тергеу барысы қамтылған», – деп мәлімдеді министрлік.

Онда тергеу барысы және тергеу нәтижесінде анықталған нақты ақпарат ұсынылады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.