Нұрлан Байжігітұлы телефондағы азанның дауысын стандартты музыкаға ауыстырып қоюды сұрады.
«Бұл масқара ғой»: Нұрлан имам жанайқайын жеткізді (Видео)
Фото: instagram.com/nurlanimam.kz
1,975
оқылды

Астанадағы «Ырыскелді қажы» атындағы мешіттің бас имамы Нұрлан Байжігітұлы телефонмен дәретханаға кіруге болмайтынын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.  

Сонымен қатар Нұрлан Байжігітұлы телефондағы азанның дауысын стандартты музыкаға ауыстырып қоюды сұрады.

«Телефондарыңыздағы азанның дауысын қарапайым музыкаға ауыстыруларыңызды сұраймын. Біз телефонды телефон сияқты қолданбаймыз. Осы отырған бәріміз телефонды алып дәретханаға кіреміз. Ең жақсы жер сол жер ғой өзі. Тып-тыныш отырып, шұқылайсың. Дәретханада оқыған қызық. Оқитын ешнәрсе таппағанның өзінде дәретхана қағазын қолға аласың. Қала берді иіс шығаратынды оқисың. Қайдан шыққанын, ішінде не барын оқисың. Сөйтіп H2O-ны жаттап аласың. Енді азанның дауысы дәретханада шықса, бұл масқара дүние ғой. Сондықтан азанның дауысын басқа дауысқа ауыстыру керек», – дейді ол.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Рух-медиа (@ruqh.media)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.