Олар мүгедектердің қажетіне жұмсалуы тиіс ақшаны жеке шоттарына аударып отырған.
Мүгедек балалардың еміне бөлінген 85 миллион теңгені жымқырған директор мен бухгалтер сотталды
Фото: gov.kz
1,382
оқылды

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында мүмкіндіктері шектеулі балалардың еміне бөлінген 85 млн теңгені қалтасына басқан оңалту орталығының директоры мен бухгалтері кінәлі деп танылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оtyrar-дың мәліметінше, олар 2018 жылдан бері мекеме қаржысын жеке басына пайдаланып, заңсыз баюды көздеген. 2024 жылға дейін қылмыскерлер ай сайын бухгалтерлік бағдарламаға жалған мәлімет енгізіп, мүгедектердің қажетіне жұмсалуы тиіс ақшаны жеке шоттарына аударып отырған.

Сот кінәлілердің мүліктерін тәркілеп, қамауға алуға үкім шығарды.

«Бүгінде сот үкімімен оңалту орталығының басшысы 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Бухгалтер қауіпсіздігі орташа деңгейдегі мекемеде 7 жыл жазасын өтейді», – деп мәлімдеді Түркістан облыстық тергеу департаменттің аға жедел өкілі Гүлзия Қарсыбай.