Осы жасымда түсінгенім өкінішті: Мақпал Исабекова жақындарының сатқындығына ұшырағанын айтты

Өнер иесі бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

Белгілі әнші Мақпал Исабекова өзін жақындары сатып кеткенін айтты, хабарлайды Aikyn.kz

"Сатқындық алыстан келмейді. Олар әрқашан жанымызда, кейде соншалықты жақын, біз күтпеген жерден келеді”, – дейді әнші. 

Ол барлығын алдын ала сезгенін, бірақ ішкі түйсігіне сенгісі келмегенін айтады. 

“Түрлі сылтаумен мені қаралап, артымнан сөз айтып, ғайбаттап, жала жауып, кейін менімен бір дастархан басына жайбарақат отырғандар, мен сіздерді білемін. Мен сіздердің менің адамым емес екендеріңізді сезгенмін. Мұны осы жасымда ғана түсінгенім өкінішті, сіздермен араласу қымбат уақытымды босқа өткізу болды. Басқалардың өмірін ойламай, тек өз өмірлеріңізбен айналысатындай бақытты өмір сүріңіздер. Өйткені, нағыз бақытты адамдар әрқашан мейірімді болады", – дейді Мақпал Исабекова.