Кәсіпорын 300 адамды жұмыспен қамтиды.
Қазақстанда энергия жинайтын құрылғы шығарылады
istockphoto.com
649
оқылды

Елде жел трубиналарын құрастыратын және энергия жинайтын құрылғы шығарылады, – деп хабарлайды Аikyn.kz

24.kz мәліметінше, озық үлгідегі зауыт Жетісу облысындағы «Қорғас –Шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймағында салына бастады.

Бұл бастама Қазақстан мен Қытай арасындағы «жасыл» энергетиканы дамыту жобасы аясында жүзеге асады. Кәсіпорын 300 адамды жұмыспен қамтиды.

Алғашқы іргетасы қаланған зауыт келесі жылдың үшінші тоқсанында іске қосылады. Сол кезде жылына 1 ГВт•сағат энергия өндіретін жел трубиналарының 250 данасы шығарылып, электр қуатын жинайтын 100 құрылғы құрастырылады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз