Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүру қаупі артуына байланысты екі жол жабылды, – деп хабарлайды Аikyn.kz
– Сағат 18-00-ден бастап Өскемен-Тарғын-Самар тасжолының 88-145 шақырымы (Жоғарғы Тайынты мен Самар арасы), сағат 20-00-ден бастап Өскемен-Таулы Үлбі-Солтүстік тасжолының 30-60 шақырымы (Зоя Космодемьянская лагері мен Солтүстік жолының арасы) жабық болады, - деп хабарлады ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі
ТЖМ өкілдері өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.