Актер эфирде кешірім сұрап, өтініш айтты.
«Фариза, оралшы»: актер Нұрсұлтан Жақсыген бұрынғы әйелінен кешірім сұрап, жылап қалды
Фото: видеодан кадр
1,118
оқылды

Актер Нұрсұлтан Жақсыген бұрынғы әйелімен қайтадан қосылғысы келетінін айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол осы уақытқа дейін әйеліне екі рет барып, кешірім сұрағанын, алайда ол қабыл алмағанын жеткізді. Актер отбасын сақтап қалуға бар күшін салып жатқанын айтты. Ол қазір шаңырағы қаңырап бос қалғанын жеткізіп, ағынан жарылды. Актер эфирде кешірім сұрап, өтініш айтты.

“Отбасын сақтап қалу – әрбір ер-азаматтың міндеті. Қателескен жерлерім болса, кешірім сұраймын. Халықтың алдында, өз ата-анамның, ол кісінің ата-анасының алдында кешірім сұраймын. Алла қаласа отбасымды сақтап қалуға бар күшімді салуға тырысамын", – деді актер “Менің өмірім” бағдарламасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.