«Хат жазып кеткен»: Алматыда 9-сынып оқушысының мәйіті табылды

Жасөспірім жақындарынан кешірім сұраған.

Алматы қаласында үйінің жанынан 9-сынып оқушысының мәйіті табылды. Туыстарының айтуынша, оқушы хат жазып қалдырған, – деп хабарлайды Aikyn.kz КТК арнасына сілтеме жасап. 

Жасөспірім жақындарынан кешірім сұраған. Қатарлас достарының айтуынша, соңғы уақытта оқушының көңіл күйі болмапты. Ол қаланың жоғары жағындағы ауданда әкесімен және әжесімен бірге тұрған көрінеді. Қазір полиция 15 жастағы жеткіншектің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғап, мән-жайды анықтауға кірісті.

— Оны соңғы рет өткен жұмада көрген болатынмын. Көңіл күйі болмаған, жабырқау болды. Негізі жақсы жігіт еді. Ашық-жарқын. Бір жылдан бері таныспыз. Осында әкесімен, әжесімен тұратын. Өлерінің алдында хат жазып кетіпті, кешірім сұрап, – деді досы.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.