Қарағанды облысында қатты жел салдарынан автобус аударылып қалды (видео)

Автобустың ішінде 17 жолаушы болған.

21 қаңтар күні сағат 08.54 шамасында республикалық маңызы бар Бастау-Ақтау-Теміртау автожолында, Петровка ауылының маңында Ботақара-Қарағанды бағыты бойынша жүріп бара жатқан №84 маршруттық автобус аударылып қалды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиғаға қатты желдің екпіні себеп болды. Оқиға болған сәтте автобустың ішінде 17 жолаушы болған.

– Бақытымызға қарай, зардап шеккендер жоқ. Полиция қызметкерлері оқиға орнына жылдам жетіп, жолаушыларға көмек көрсетті. Олардың өтіп бара жатқан көліктермен үйлеріне жетуіне атсалысты.

Құрметті жүргізушілер, көлік құралын басқару кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды және ауа райы жағдайларын ескеруді ұмытпаңыздар!, – делінген ПД хабарламасында.