Оқиға орнында 267 төтенше қызмет пен өрт сөндірушілер жұмыс істеген.
Қонақүй өртеніп, 66 адам қайтыс болды
Фото: istockphoto.com
287
оқылды

Түркияның солтүстік-батысындағы Карталкая тау шаңғысы курортында болған өртте 66 адам қаза тауып,
тағы 51 адам жарақат алды, – деп хабарлайды Аikyn.kz Daily Sabah сайтына сілтеме жасап.

Өрт жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 3:30 шамасында 237 адам тұратын ағаш қонақүйдің төртінші қабатында басталған.
Оқиға орнына келген бірінші өрт сөндіру көлігі өртті  сағат 04:15-те өшіруге кіріскен, дегенмен өртті сөндіруге 10 сағатқа жуық уақыт кеткен.
Қонақүйдің тау баурайында орналасуына байланысты құтқару жұмыстары қиын болған.
Түркия денсаулық сақтау министрі Кемал Мемишоглу зардап шеккендердің жағдайы ауыр екенін, 17 адам ауруханадан шығарылғанын айтқан.
Жақын маңдағы қонақүйде жұмыс істейтін ер адам айғайлаған дауысты естігенде бөлмесінде болғанын жеткізген. «Мен терезеден адамдардың қалай айқайлап жатқанын көрдім. Біз өрт сөндірушілер келгенше жоғары қабаттардан екі әйел секіріп кетті», – деді ол.

Сотқа дейінгі тергеу басталып, оған алты прокурор тартылған.
Өрттің шығу себебін 
анықтау бес адамнан тұратын сараптама комиссиясына тапсырылды.