«ҚазАвтоЖол» ауа райына байланысты Алматы облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«2025 жылғы 21 қаңтарда сағат 23:00-дан бастап Алматы облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты "Астана-Қарағанда-Алматы" автожолының 2214-2295 шақырым аралығында (Жамбыл облысының шекарасынан Қаншеңгел ауылына дейін) жүк және қоғамдық көліктер қозғалысына шектеу қойылды», – делінген хабарламада.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.