Танымал әнші Мейрамбек Беспаев уақытша ұстау изоляторында жатқан экс-шенеунік Болат Мажағұловтың білікті басшы болғанын айтты.
Кімнің алдынан көлденең өттің екен? Мейрамбек Беспаев қамаудағы досына жан тебірентер жазба арнады
m_besbaev
4,502
оқылды

Бұл туралы өнер иесі Instagram желісіндегі парақшасында жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әнші істің әділ шешімін табатынына сенім білдірген.

«Жаласына жалғанның күйе бердім,

Талқысына басымды ие бердім.

Бақытын да, қуаныш, қайғысын да,

Сүйе бергім келеді, сүйе бергім…

Болат бауырымның басына бұлт үйірілгелі біраз болды. Кімнің жолын кесіп, кімнің алдынан көлденең өттің екен? Жібі түзу дәлелі болмаса да сені әлі сүйреп жүр. Мен білікті басшы, өз ісінің маманы кім десе, сені көрсететін едім. Себебі, сен өнер мен мәдениеттің қарыштап дамуына қомақты үлес қостың. Жалаң аяқ жар кешіп, қызыл аяқ қыр кешіп жүріп еңбек еттің. Бұл күндер де өтер. Бөке, бір кездері қолтығынан демеп, қасынан табылған өнер адамдары сенімен бірге. Біз бұл істің әділ шешім табатынына сенеміз. Қаратаудай қайғы арқаласа да қайыспайтын ердің ұрпағысың. Мықты бол. Жақсы күнде жадырап отыруды жазсын», – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары әншіге саясатқа араласпауға кеңес беруде.

Айта кетейік, өткен жылдың қыркүйек айында Астана әкімдігі мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұлов ұсталған еді. Ол 2016 жылы «Күн» субұрқағын салу кезінде қаражат жымқырды деген күдікке ілінген.