Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева өзіне «ән айтпай-ақ қой» деп сынайтындарға жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.
Актриса жастайынан музыка саласында білім алғанын айтып, жасөспірім кезіндегі видеосын жариялады.
“Бұл – 1997 жыл. Жасым 16-да. Мен – кәсіби домбырашымын. Керемет ұстаздардан білім алғанмын. Талай рет лауреат атанғанмын. Жалпы, кәсіби музыкантпын. Маған “сен ән айтпай-ақ қой, сахнаға әркім бір шыға береді” деп жазатындар бар. Мен – ұлы ұстаз Райымбек Сейтметовтің шәкіртімін. Кәсіби әртіспін. Әлімбек Қонысбековтың домбыра класын тәмамдағанмын. Каратэмен айналысқанмын. Сосын 5-сынып оқып жүргенде Айнұр деген ұстазым бар еді. Ең алғаш театрда ертегі қойып ойнатқан. Фамилиясы есімде қалмапты. Бір жыл ғана жұмыс істеп, Кентаудан көшіп кетті. Домбырамен өз ортамызда ән саламын”, – деп жазды актриса.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.