Ұлытау облысында Қаражал қаласынан 20 шақырым жерде 50 жолаушыны тасымалдап келе жатқан автобус бұзылып, қатты боран салдарынан жолда қалып қойған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ТЖМ мәліметінше, автобусты жөндеу жұмыстарын ЖШС қызметкерлері жүргізді. Сонымен қатар басқа ЖШС-ның арнайы техникасы жолды қардан тазартты.
– ТЖМ қызметкерлері жолаушылары бар автобусты Қаражал қаласындағы №7 мектепке дейін сүйемелдеді, онда олар суықтан қорғалды.
Автобус жүргізушісі қолының саусақтарын үсітіп алғандықтан, оған медициналық көмек көрсетілді және ол ауруханаға жеткізілді, – делінген хабарламада.