Қазақстаннан Қытайға, Вьетнамға және Египетке жаңа әуе рейстері ашылады, жазға дейін Қостанай-Шарм-эль-Шейх және Алматы-Хургада бағытында рейстер ашу жоспарланған.
Халықаралық әуе рейстері ашылады
Фото: Көлік министрлігі
513
оқылды

Наурыз айынан бастап  Air Astana  әуекомпаниясы Вьетнамға аптасына 4 рет жиілікпен Алматы-Нячанг және аптасына 3 рет Астана-Нячанг бағыттары бойынша және аптасына 3 рет Алматы-Гуанчжоу бағыты бойынша Қытайға жаңа маршруттар ашады, деп хабарлайды Аikyn.kz  Көлік министрлігіне сілтеме жасап. 

Министрлік тұрақты негізде ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы маршрут бойынша рейстер санын ұлғайту бойынша жұмыс жүргізуде.

Көктемгі-жазғы маусымнан бастап  Air Cairo  әуекомпаниясы аптасына 1 рет жиілікпен Қостанай-Шарм-эль-Шейх және аптасына 2 рет жиілікпен Алматы-Хургада бағытында рейстер ашуды жоспарлап отыр, сондай-ақ аптасына 1 рейс жиілігімен Алматыдан Эль-Аламейнге рейстерді қайта бастау жоспарлануда.

Жаңа бағыттардың ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.