Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова 24 жасында қызды құтқарамын деп өмірден озған ағасы туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Мақпал Жүнісова ағасының Ертіс өзеніне батып кеткенін еске түсіріп, көзіне жас алды.
"Ағамды алып кеткен Ертістің суы. Осы Ертістің суына кетіп қалды ғой. Болат деген туған ағам бір қызды құтқарамын деп 24 жасында кетіп қалды. Осыған қараған сайын жүрегім ауырады", - деді әнші.
Желі қолданушылары өнер иесінің қайғысына ортақтасып, қолдау білдірді.
"Орны пейіштен болсын, өте жас кеткен екен", "Бауырдың орны бөлек, жаны жәннатта болсын", "Бұл кәрі Ертіс кімді жұтпады дейсіз. Мүшел жасында кеткен екен. Иманы жолдас болсын" деп жазды желі қолданушылары.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.