Семейде ОАР азаматынан коронавирус расталмады
Семейде ОАР азаматынан коронавирус расталмады
© Кадр видеодан
5,227
оқылды
Семей қаласында ОАР азаматынан коронавирус расталмады. Бұл туралы ақпарат Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Instagram-дағы ресми бетінде жарияланды.
"Құрметті аймақ тұрғындары, 2020 жылдың 13 наурызында Семей қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасына жедел жәрдем арқылы жеткізілген ОАР азаматын талдау нәтижесін алды. COVID-2019 талдаулары теріс нәтиже көрсетті", - деп хабарлады ШҚО әкімдігі.
Сонымен қатар, әкімдікте ШҚО аумағында коронавирустың зертханалық расталған жағдайлары жоқ екенін атап өтті. Бұған дейін хабарланғандай, Оңтүстік Африка Республикасының азаматы Семей қаласында коронавирус жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды. Әлеуметтік желі пайдаланушылары қонақ үйден арнайы қорғаныш костюмін киген дәрігерлер науқасты зембілмен жедел жәрдемге салып жатқан бейнежазба көріп әбігерге түскен болатын. https://www.youtube.com/watch?v=xJJ13BNPwf4 Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда коронавирустың алты расталған жағдайы тіркелген.