Актриса жарынан қымбат дүние сұрамаған.
Неге алтын, машина емес? – Айжұлдыз Адайбекова мәһрге не сұрағанын жариялады
486
оқылды

Белгілі әнші Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісімен некесін  қидырған болатын, – деп жазады Aikyn.kz.

"Мәһрге 101 раушан гүлін сұрадым. Жеңіл болсын. Неге алтын, машина емес деп молда түсінбей қалды", – деп жазды өнер иесі.

Еске салайық, актриса, блогер Айжұлдыз Адайбекова екінші рет отбасын құрды. Ол экстрим-блогер Сәкен Қағаровпен ресми түрде некесін қиды. 

Бұған дейін Айжұлдыз Адайбекова блогер, мобилограф Қыран Талапбекпен тұрмыс құрған еді. Экс-отбасының Назар есімді ұлы бар.