– 2024 жылы жергілікті атқарушы органдар 17,5 мың отбасына немесе 41,2 мың адамға жалпы сомасы 592 млн теңгенің тұрғын үй көмегін көрсетті. Биыл жергілікті бюджеттерден тұрғын үй көмегін төлеу үшін 41,9 мың алушыға 1,5 млрд теңге қарастырылған, – деді Олжас Анафин.
Бұл көмекті алу үшін электрондық үкімет порталы арқылы (egov.kz) немесе халыққа қызмет көрсету орталықтарында өтініш беруге болады.
– Тұрғын үй көмегі коммуналдық қызметтерді төлеуге, тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстары жергілікті өкілді органдар белгілейтін, шығыстардың рұқсат етілген шекті үлесінен асатын азаматтарға көрсетіледі. Шекті рұқсат етілген үлестің мөлшері шығынның 10%-ынан аспау керек. Көмектің бұл түрі жалғыз баспанасы бар адамға әлеуметтік мәртебесіне қарамастан жергілікті бюджет қаражаты есебінен беріледі, – деді ол.
Мейір ЖАСЫН