Алматыда Наурыз мерекесіне теракт дайындалған - ҰҚК
Алматыда Наурыз мерекесіне теракт дайындалған - ҰҚК
244
оқылды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында лаңкестік әрекеттің алдын алды. ҰҚК сайтында хабарланғандай, 13 наурыз күні Алматы қаласында жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде "ДАИШ" халықаралық террористік ұйымының(Қазақстанда тыйым салынған) идеологиясын ұстанушы қолға түсті. "Тұтқындалған адам Наурыз мейрамын тойлау кезінде халық көп жиналатын жерлерде теракт дайындауды деген күдікке ілініп отыр. Тергеу барысында одан екі әскери граната тәркіленді. Аталған адамға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 255 (терроризм актісі) және 258 (террористік немесе экстремистік қызметті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де жәрдемдесу) баптары бойынша қылмыстық істер қозғалды". Тергеу жалғасуда.