Фариза Алмазқызының сөзінше, оқырмандары актердің кешірім сұраған видеосын жіберіп, жауап беруін өтінген.
Нұрсұлтанды кешірдім: актердің бұрынғы әйелі күтпеген мәлімдеме жасады
Ашық дереккөз
10,367
оқылды

Танымал актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі өзінен кешірім сұраған күйеуімен қайта қосылмайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Блогер бір аптадан бері тыныштық жоғын жазған. Оның сөзінше, оқырмандары актердің кешірім сұраған видеосын жіберіп, жауап беруін өтінген.

"Нұрсұлтанның сұхбатын, видеоларын, стористарын жібермеген адам жоқ шығар, бәрін көрдім, Астанаға келді, кешірім сұрады, балаларын көрді. Қайта қосылмаймыз! Нұрсұлтанды кешірдім! Өзім үшін, ішімдегіні жіберу үшін. Бірақ артқа жол жоқ! Қайта бірге бола алмаймыз. Әркім өз жолымен кетті!", - деп жазған ол.

Актердің бұрынғы әйелі оқырмандарынан "қосылыңдар" деп ақыл айтпауын сұрады.

"Қосылыңдар деп артық әңгіме айтпаңыздар! Әркімнің ақылы өзіне! Осы сәуірде ажырасқанымызға бір жыл болады. Қанша уақыт өтті. Негізі үндемей қоя салайын деп едім, барлық жерге шығып кеткеннен кейін шықпасқа амал болмады. Иә, бүкіл халықтың алдында да кешірім сұрады, өзімнен де кешірім сұрады. Мен кешірдім! Бірақ қайта бірге болмаймыз, өткенді айта берудің қажеті жоқ. Осымен бұл тақырып жабылсын. Енді сұрамаңыздар. Бәрі бітті! Қайта қозғай бергеннен пайда жоқ", - деп жазды ол.

Бұған дейін Нұрсұлтан Жақсыген бұрынғы әйелінен кешірім сұрап,  жылап қалған еді.