«Қазгидромет» синоптиктері 28, 29, 30 қаңтар күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Алдағы күндердегі ауа райының қалыптасуына солтүстік-батыс циклоны және атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді. Соған байланысты 28 қаңтарда елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа райы тұрақсыз болды.
Республиканың өзге аумақтарында қар, жаңбыр күтіледі. Ел аумағы бойынша тұман түсіп, жел күшейіп, елдің солтүстік жартысында боран соғып, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ болады. Ауа температурасында өзгерістер күтілмейді.