Боран, жел, көктайғақ, яғни еліміз бойынша ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.
«Қазгидромет» ескертеді: Қазақстанның басым бөлігінде 28 қаңтар күні жел күшейіп, боран мен көктайғақ болады
Фото: istockphoto.com
4,888
оқылды

«Қазгидрометтің» мәлімдеуінше, кезекті солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер ҚР басым бөлігінде, 28 қаңтарда елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа райының тұрақсыз сипатын алып келеді, – деп хабарлайды Аikyn.kz.  

Содан кейін Қазақстанның қалған аумағында қар, ылғалды қар және жаңбыр түрінде әртүрлі фазада жауын-шашын болжанады. ҚР бойынша тұман, желдің күшеюі, елдің солтүстік жартысында боранмен, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ болады деп болжануда. Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.