Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында мәлімдеді.
Хор қыздарың көп сияқты ғой: блогер Мөлдір Анарбаева белгілі имамның сөзін мазақ етті
2,496
оқылды

Блогер Мөлдір Анарбаева белгілі уағызшы Нұрсұлтан Рысмағамбетұлының сөзіне шүйлікті, – деп жазады Aikyn.kz.

«Е-е-е, заманым-ай! Ертегілерді тоқтатып, екі қолға бір күрек ұстасақ. Гүр-гүр күлкі еркектерге ұнап отыр.

Бір шеті жақсы екен, таласпайсыңдар, хор қызың көп сияқты ғой, тегі. Ол не қылған бір еркектің басына қырық қатыннан?!

Осы жұмағың Қазақстан ба деймін. Бізде де бір еркекке бес қатыннан деп еді ғой. Күлеміз бе, жылаймыз ба?

Алдымнан қайдан шықтың ертегі айтқыш, аға?!», – деп жазды блогер.