Асхат Садырбай екінші әйелі Айғаным Болатқызына қатысты пікір білдірді.
Асхат Садырбай екінші әйелін жындыханаға жатқызғысы келді ме?
Фото: видеодан кадр
664
оқылды

Тележүргізуші Асхат Садырбай Руслан Өтепбайға берген  сұхбатында екінші әйелі туралы сұраққа жауап берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Асхат Садырбай екінші әйелі Айғаным Болатқызын жындыханаға жатқызғысы келуіне қатысты пікір білдірді.

"Оның мінезі қиындап, айғай-шу жиілеп кетті. Мен дымнан хабарсызбын, бір күні маған хабарлама жазады. Хабарламасында дәріханадан белгілі бір дәріні әкеп беруімді сұрады. Мен ол қандай препарат екенін сұрадым, ол көздің линзасына қажетті дүние екенін айтты. Мен дәріханаға барып, айтқан дәрісін сұрасам, ондағы кісілер маған бұл дәріні бере алмайтынын, оны алу үшін дәрігердің тағайындауы керегін түсіндірді. Бұл қателеспесем, 2017, не 2018 жылы. Мен "бере берсеңізші, көздің линзасына қажетті дәріге дәрігердің тағайындауының не қажеті бар?" десем, "жоқ, бұл өте ауыр препарат" дейді. Кейін үйге барып, өзінен сұрасам, дәріні жүйке ауруы немесе ақауы бар адамдар ішеді екен. Мен оны жындыханаға жатқызғым келмеді, мен оған мүмкін емделіп көрерсің деп ұсыныс тастадым. Психолог, невропатологке апардым, бірақ ол психологке барудан бас тартты, невропатологке ғана келісті", – дейді ол.

Айта кетейік, тележурналист Асхат Садырбайдың бұрынғы әйелі Айғаным Болатқызы Анна Данченкоға берген сұхбатында бұрынғы күйеуі қол көтергенін, бала үшін талай сотқа сүйрегенін айтты. 

Сондай-ақ танымал әнші Ерке Есмахан тележүргізуші Асхат Садырбаймен ажырасып кеткеннен кейін сұхбат беріп, оның мінезі нашар екенін, жүкті кезінде күйзелісте болғанын айтқан болатын. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.