Бүгін ауа райы қандай болады?
Қар жауып, бұрқасын соғады: 29 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Фото: istockphoto
1,382
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктерінің мәліметінше, 29 қаңтарда елдің басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болады және қатты жел тұрады деп күтілуде, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Мамандардың хабарлауынша, солтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Сәйкесінше, қар жауады, бұрқасын болады.

Қазақстанның батысында ғана антициклон ықпалынан ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Ел аумағы бойынша жел тұрады, тұман түседі, оңтүстік жәнк оңтүстік-шығыс өңірлерде көктайғақ болады.

Астанада күн құбылмалы бұлтты, түстен кейін аздаған қар жауады. Оңтүстік-батыстан түнде 3-8 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -19-21, күндіз -8-10 градус шамасында. 

Ақмола облысында күндіз батысы мен солтүстігінде қар жауады, оңтүстігі мен шығысында аздаған қар жауады, жаяу бұрқасын соғады, батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Ауа температурасы күндіз -7-12 және түнде -19-24 градус. 

Алматыда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Түнде ауа температурасы -5-7, күндіз +3+5 градус. 

Шымкентте күн аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 5-10 м/с жел тұрады. Түнде ауа температурасы -2-4, күндіз +5+7 градус. 

Ұлытау облысында жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -19-24 және күндіз –5-10 градус. 

Қарағанды облысында күндіз солтүстігінде аздаған қар жауады және жаяу бұрқасын соғады, батысында, солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Ауа температурасы түнде -17-22 және күндіз -7-12 градус шамасында.

Батыс Қазақстан облысында түнде солтүстігінде аздаған қар жауады, көктайғақ, күндіз солтүстігі мен шығысында аздаған қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Түнде және ертеңгісін солтүстігі мен шығысында аздаған жауын-шашынды, көктайғақ және тұман түседі. Күндіз -3+2, түнде -1-6 градус болады деп күтіледі. 

Атырау облысында жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 0, -5 және күндіз -2+3 градус болады.

Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 0-5 және күндіз +1+6 градус жылы

Ақтөбе облысында батысында, солтүстігінде және орталығында аздаған қар жауады, батысы мен солтүстігінде тұман түседі және күндіз батысы мен солтүстігінде көктайғақ. Түнде -6-11 және күндіз 0, -5 градус болады.

Қостанай облысында ертеңгісін және күндіз батысында, солтүстігі мен шығысында қар жауады, бұрқасын тұрып, оңтүстігінде тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде -15-20 және күндіз -5-10 градус.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде солтүстігі мен шығысында аздаған қар жауады және жаяу борасын жүреді, батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде бұрқасын тұрады, оңтүстігінде тұман түседі. Ауа температурасы түнде -13-18, күндіз -5-10 градус шамасында. 

Павлодар облысында солтүстігінде қар және жаяу бұрқасын соғады. Ауа температурасы түнде -13-18 және күндіз -8-13 градус болады.

Абай облысында жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -11-16 және күндіз -5-10 градус.

Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз -5-10 және түнде -15-20 градус. 

Қызылорда облысында жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -8-13 және күндіз ауа температурасы 0, -5 градус шамасында. 

Түркістан облысында жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -1-6 және күндіз +3+8 градус жылы.

Жамбыл облысында жауын-шашынсыз. Күндіз -3+2, түнде -3-8 градус болады.

Алматы облысында жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз 0, +5 және түнде -3-8 градус. 

Жетісу облысында жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -8-13, күндіз -1+4 градус шамасында. 

Сондай-ақ синоптиктер республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы таулы өзендерінде су деңгейінің құбылуы байқалатынын мәлімдеді.