Елдің басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді.
Жел күшейіп, боран соғады: 31 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Фото: istockphoto
3,630
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 31 қаңтарда республиканың басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында түнде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Алматы облысында кей уақытта түнде қар, күндіз жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, жолдарда көктайғақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

Алматыда кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

Абай облысында қар, түнде облыстың батысында, солтүстігінде бұрқасын күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында қар, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар, бұрқасын күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Ұлытау облысының шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде көктайғақ. Облыстың солтүстігінде тұман.

Қарағанды облысында қар, жаяу бұрқасын.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында түнде қар, жаяу бұрқасын, күндіз аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жетісу облысында түнде қар, күндіз жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман күтіледі.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Қызылорда облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында қар, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында, күндіз таулы аудандарында қар, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.

Шымкентте түнде қар, көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.