Құтқарушылар қар құрсауынан үш адамды құтқарды

Оқиға Павлодар облысында болған.

Павлодар облысы Аққулы ауылынан 15 шақырым жерде қар құрсауында қалған үш азаматқа құтқарушылардың көмегі қажет болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz  сайты.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлері оқиға орнына жедел келіп, адамдарды Аққулы ауылына аман-есен жеткізген. Оларға медициналық көмек қажет болмады.

ТЖМ азаматтарға қыс мезгілінде жүру кезінде сақтық шараларын сақтау және жолдардағы ықтимал қолайсыз жағдайларға дайын болу қажеттігін ескертеді.