Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған екінші адам туралы деректер айтылды
Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған екінші адам туралы деректер айтылды
© Сурет ғаламтордан
229
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова ОКҚ брифингінде елордада коронавирустың екінші анықталған жағдайы туралы ақпарат берді. Нұр-Сұлтанда тіркелген жаңа жағдай бойынша. Ол аз уақыт бұрын ғана тіркелді. Қазақстан азаматшасы қазір стационарда. Ол 12 наурызда эпидемиологиялық қолайсыз елдерден келген адамдарға мониторинг жүргізу аясында оқшауланды. Ол Германияда болдым дегенмен Варшавадан келген. Сондықтан біз оны ауруханаға жатқыздық, - деді Қисықова. Қазіргі уақытта оның жағдайы қанағаттанарлық. "Коронавирустық инфекция" клиникалық хаттамасы бойынша емдеу басталды. Ол ұшқан бортта 86 жолаушы болған. Байланысатын тұлғалармен жұмыс жүргізілуде. Ақпаратты қосымша ұсынамыз, - деді спикер. Коронавирус жұқтырған екінші әйелдің де жағдайы қанағаттанарлық.