Ақтау тұрғыны Каспий теңізін ластаушылардың үстінен түсті
Ақтау тұрғыны Каспий теңізін ластаушылардың үстінен түсті
© Сурет Lada.kz сайтынан
272
оқылды
Қала тұрғыны "Солдатский пляж" маңындағы аумақтың ластануын камераға түсіріп алған. Оның жағымсыз иісі мен жағалаудағы қоқыстың болуына наразы.
- Мұның бәрі теңізге кетеді. Лас су кішігірім өзен сияқты ағып жатыр. Қоқыс туралы ештеңе айтпай-ақ қойдым. Иісі қолқаны қабады. Ал жазда мұнда адамдар келіп шомылады, - дейді тұрғын бейнежазба арқылы.
Бейнені алғаш жариялаған Lada.kz редакциясы Маңғыстау облысының Экология департаментінің ресми түсініктемесі күтуде. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың мамыр айында желі пайдаланушысы Каспий акваториясына "солдат жағажайы"маңында лас суды төгуге наразылық білдірген болатын. Кейін Каспий акваториясына лас суды ағызуға кінәлі тұлғалар табылды. Облыс экологтары сол маңнан лас су ағатын арнаны анықтаған болатын. Арық"Юрана" ЖШС тиесілі жер учаскесінде болды. Қоршаған ортаға келтірілген шығынды 1,7 миллион теңгеге бағалады. "ЮраНа" ЖШС-не қатысты әкімшілік іс қозғалды. Сол жылдың маусым айында Каспий теңізінің акваториясына лас су төгілді. Оны да тұрғындар бейнекамераға түсіріп алды.