Биылғы конференция бағыты заманауи, тарихи, жаңартылған көзқарастар мен көркем білім берудің көпвекторлы жүйесін дамыту мəселелеріне арналды
«Боранбаев оқулары» халықаралық конференциясы өтті
kaznui.edu.kz
1,064
оқылды

Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде 14-ші «Боранбаев оқулары» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Биылғы конференция бағыты заманауи, тарихи, жаңартылған көзқарастар мен көркем білім берудің көпвекторлы жүйесін дамыту мəселелеріне арналды.

Пленарлық отырыстың спикері ретінде "Музыкалық орындаушылық және педагогика" кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Г.Хусаинова,  өнертану кандидаты, “Музыкатану” кафедрасының профессоры Ғ.Ақпарова, педагогика ғылымдарының кандидаты, "Кескіндеме" кафедрасының профессоры Б.Ижанов  секілді бірқатар ғалым баяндама жасады.

Конференцияға ҚҰӨУ оқытушылары мен студенттерімен қатар, еліміздің және Украина, Өзбекстан, Ресей, Татарстан ғалымдары қатысты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз