Былтыр тасқын су шайған Соколовка және Большая Малышка ауылдары маңында өзен арналарының түбін тереңдету және жағалауды тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Петропавл маңында айналма су каналының құрылысы басталды
istockphoto.com
619
оқылды

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынына дайындық мәселесі пысықталды, – деп хабарлайды Аikyn.kz

СҚО әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, облыстық әкімдікте өткен жұмыс кеңесінде Төтенше жағдайлар департаментінің, "Қазгидромет" РМК облыстық филиалы басшыларының және селекторлық режимде аудан әкімдерінің баяндамалары тыңдалды.

Су тасқыны – өңір үшін өте өзекті мәселе. Былтырғы жағдайдың қайталануына жол бермеу қажет. Дайындық жұмыстары үздіксіз жүргізілуде: жөндеу және инженерлік жұмыстар бір күнге де тоқтаған жоқ, тіпті қыста да жалғасты, – деді облыс әкімі.

Өңірде инженерлік жұмыс жоспары аясында 109 іс-шара атқарылды. Оның ішінде 8 қорғаныс бөгеті нығайтылды, 80 км бөгеттер мен үйінділер салынды. Автожолдарға 108 су өткізу құбыры мен тюбингтер орнатылды. Ал бірінші көтергіш сорғы станциясын қайта жаңарту жұмыстары аяқталуға жақын.

Петропавл су торабы маңында айналма канал құрылысы басталды. Бұл Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуіне жол бермейді. Облыс орталығының шағын аудандарын су басудан қорғау үшін артық суды алдын ала ағызу қарастырылған, – деді аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов.

Ал былтыр тасқын су шайған Соколовка және Большая Малышка ауылдары маңында өзен арналарының түбін тереңдету және жағалауды тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Петропавлда және 8 аудандағы Есіл өзені мен шағын өзендердің 49 учаскесінде мұз кептелісінің алдын алу және еріген судың кедергісіз ағуын қамтамасыз ету үшін жарылыс жұмыстары жүргізіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз