Шавкат Рахмоновтың қарындасы Сара Рахмонова әскери қызметтегі алғашқы әскери атағын алды.
Үш дүркін әлем чемпионы Сара Рахмонова әскери шен алды
сурет парақшасынан алынды
6,101
оқылды

Қоян-қолтық ұрыстан үш дүркін әлем чемпионы Сара Рахмонова әскери қызметтегі алғашқы әскери атағын алды. Спортшыға кіші офицерлік құрамының "лейтенанты" шенін Алматыдағы Төтенше жағдайлар департаменті табыстады. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында бөлісті.

– "Құттықтап қойсаңыздар болады. Әскери қызметте бірінші офицерлік «лейтенат» шені берілді! Осы қуанышты жаңалықпен өздеріңізбен бөліскенді жөн көрдім. Елдің тыныштығы үшін аянбай еңбек ететін Құтқарушылар қатарында болғанымды мақтан тұтамын! Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі базасында құрылған «Batyr Team» спорт клубына және  Алматы қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаментіне алғысым шексіз! Қазақстан Республикасына қызмет етемін! Еліміз аман болсын!", – деп жазды ол парақшасында.