Керлингтен Қазақстан әйелдер құрамасы 2025 жылғы Азия ойындарында топтық кезеңнің үшінші матчында жеңіліс тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ҚР ҰОК мәліметінше, Ұлттық құрама Тайбэйді жеңгеннен кейін Қытаймен ойнады.
Нәтижесінде Қытай 11:4 есебімен жеңіске жетті.
Соңғы үш матчта Қазақстан құрамасы бір рет жеңіп, екі мәрте жеңіліс тапқан.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.