Сербия астанасында бокстан халық­аралық Belgrade winner турнирі мә­ре­сіне жетті. Қазақстанның ерлер құ­рамасы бұл жарыстан 8 алтын, 4 кү­­міс және 1 қола медаль жеңіп алды. Нұрбек Мұрсал турнирдің ең үздік боксшысы деген атақты қоса алды.
Боксшылар жүлдемен оралды
447
оқылды

Биыл 62-рет өтіп отырған халықаралық тур­нир 4-9 ақпан аралығында өтті. Қазақстан құрамасынан аталған жарысқа барлығы 15 боксшы қатысып, олардың тек екеуі ғана жартылай финалға жетпей жеңілді.

Алтын медальді Нұрғиса Тұрабеков (48 келі), Рамазан Нұрлыбаев (51 келі), Нұрсұлтан Алтынбек (57 келі), Жансері Көшербаев (60 келі), Нұрбек Мұрсал (71 келі), Санжарәлі Бегалиев (75 келі), Дәурен Мамыр  (86 келі), Нұрасыл Асылхан (+92 келі) тақты. Екінші орынға Бексұлтан Боранбек (54 келі), Илья Калинин (67 келі), Бақберген Әлиасқаров (75 келі), Ильяр Аширов (80 келі) жайғасты. Қола жүлде Бекзат Мақжанға (63.5 келі) бұйырды.

71 келіде өнер көрсеткен Нұрбек Мұрсал турнирдің ең үздік боксшысы деген атақты жеңіп алды.