Қазақстандық таеквондошы Шамшат Ақберген халықаралық Fujairah Open турнирінде қола жүлдеге қол жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Фуджейрада (БАӘ) өтіп жатқан байрақты бәсекеде отандасымыз әйелдер арасында 53 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынады.
Айта кетерлігі, Біріккен Араб Әмірліктерінде дәстүрлі Fujairah Open додасы өтіп жатыр.
Ересектер санаты бойынша 30 елден 536 таеквондошы өзара мықтыны анықтайды.
Аталған жарыс 13 ақпанға дейін жалғасады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.