Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында шаңғы жарысынан күміс жүлдеге ие болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Эстафетада ел намысын Ксения Шалыгина, Камила Елғазинова, Ангелина Шурыга және Надежда Степашкина қорғады.
Спортшылар 55:24.5 уақыт көрсеткішімен мәре сызығын кесті. Алтын жүлдені 53:59.3 уақытпен Қытай құрамасы жеңіп алса, Жапония 56:38.1 нәтижесімен үздік үштікті түйіндеді.