Nur Otan партиясының Саяси кеңес отырысы өтпейтіні туралы сарапшылар не деді?
Nur Otan партиясының Саяси кеңес отырысы өтпейтіні туралы сарапшылар не деді?
Фото: Интернеттен алынды
281
оқылды
Nur Otan партиясының 2020 жылғы 18 наурызға белгіленген Саяси кеңесінің отырысы өтпейтін болды. Бұл туралы Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өзінің Twitter-дегі парақшасында мәлімдеген еді. «Коронавирус індеті таралу қаупінің алдын алу үшін шектеу шараларының енгізілуіне байланысты Nur Otan партиясының 2020 жылғы 18 наурызға белгіленген Саяси кеңесінің отырысын өткізу тоқтатылады» деген еді. Осыған байланысты саясаттанушылар пікірін айтты: Ерлан Саиров, саясаттанушы: – Дұрыс қадам! Менің ойымша, қазір билік партиясы бастап, елімізде, бұл індеттің алдын алып, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтаудың оңтайлы әдіс-тәсілдерін ойластырғаны жөн. Мемлекетте адамның өмірі мен денсаулығынан артық ешқандай құндылық жоқ. Осы кезеңде, саяси көзқарас, қоғамдық танымға қарамастан, туған- туыстың өмірі мен болашағы үшін бірігуге қабілетті болуымыз қажет! Отанымызды кеселден бірге қорғайық! Марат Башимов, саясаттанушы: – Nur Otan 18 наурызға белгіленген Саяси кеңес отырысын белгісіз мерзімге кейінге  ауыстырды. Бұл – дұрыс шешім. Короновирус. Ұлттық қауіпсіздік мәселелері, біздің азаматтарымыздың денсаулығы мен өмірі, конституциялық құқын қорғау өте маңызды. Самат Нұртаза, саясаттанушы: – Nur Otan партиясының саяси кеңесінің отырысын басқа күнге көшіргеннің артында не жатыр? - деген сұрақ миллиондаған қазақстандықтарды мазалап отыр.  Кейбір адамдар әртүрлі өсек-аяң таратып, халыққа дезинформация таратып жүргені өкінішті. Ал шын мәнінде, өз Твиттерінде жазған Бауыржан Байбек мырза, съезді өткізудің кейінге қалдыру коронавирустың алдын алу қажеттілігімен байланыстырғанын аңғару қиын емес. Бұл дүниежүзілік шара десек те болады. Еуродақ елдері, Украина мен Белорусь мемлекеттері өз Мәжілістерінің жұмыстарын уақытша тоқтатты. Сонымен қатар АҚШ-тағы сайлау алдындағы демократтар дебаттары да кейінге шегерілді. Токио – 2020 Олимпиадасы да келесі жылға қалатын сияқты. Ел тыныш, жұртымыз аман болғай!