«Ақкөңілдігім құртты бәрін»: Нұрлан Еспанов Халық әртісі атағын алмағанына өкінішін білдірді

Әнші әлі күнге дейін Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері атағын алған жоқ.

Оның себебі ретінде әнші өзінің ақкөңілдігін, әлеуметтік желідегі образын алға тартады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Менің ақкөңілдігім құртты бәрін. Мен әзілге саламын ғой. Бір Астанада жүретін үлкен ағаларымыздың бірінен сұрадым: «Сендер мені он жыл бойы алдап келдіңдер ғой, қанша рет тегін көмек беріп едім, сондықтан маған қағаз толтырып, құжаттар жинамай-ақ неге бермедіңдер?». Сонда айтқан жауабы: «Сенде, инстаграм парақшаңда бір іліп алар, салмақты дүние жоқ қой», – деді әртіс.

Нұрлан Еспанов жеке парақшасын коммерциялық мақсатта қолданатынын, сол арқылы табыс тауып отырғанын, әртістің еңбегі онымен өлшенбейтінін алға тартты.

Желі қолданушылары мұндай мәлімдемеге екі түрлі ой білдірді: бірі – әртісті қолдаса, екіншілері – оны лайық көрмеді.

«Фотоға түскісі келмей, халықтан қашқан адамға қандай атақ?!», «Нұрланның ренжитіні бар, оның қасында кеше шыққан жас әншілер алып жатыр», «Қандай еңбегі үшін ол атақты алу керек?» – деп жазады пікір білдірушілер.