Жәрмеңкеде елорда тұрғындары өңірлерден келген өнімдерді тиімді бағамен алу мүмкіндігіне ие болады.
Демалыс күндері ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді
Фото: gov.kz
733
оқылды

Елордада 1 және 2 наурызда кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, - деп хабарлайды Aikyn.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жәрмеңкеге Қазақстанның әр өңірінен келген жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері қойылады. Қала тұрғындары мен қонақтары жеміс-жидек пен көкөністі, ет, ұн және сүт өнімдерін, нан өнімдерін, табиғи шырындарды, консервілерді және тағы басқа өнімдер сатып ала алады.

Іс-шара 1 және 2 наурыз күндері сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайындағы «Көктал» сауда ойын-сауық орталығында өтеді, - делінген әкімдіктің хабарламасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.