Актриса әлеуметтік желіде жантебірентер жазба жариялады.
«Назарыңнан таса етпеші...»: Жұлдыз Әбдікәрімова жантебірентер жазба жариялады
Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial
5,760
оқылды

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова қасиетті Рамазан айында жантебірентер жазба жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Қасиетті Рамазан айына ниет еттім. Аса мейірімдім. Назарыңнан таса етпеші. Өмірде қандай жағдай болса да, жүрегімді қатайтып, көңілімді құлыптамашы. Өзіме деп берілетін сабағың мен сынағыңнан сүрінбеуге сана берші. Несібем мен ырысым тек өзіңнен екенін білемін. Жеткізгеніңе, жеткізбегеніңе, қажет сәтте еселеп, қайырсыз кезде қанағаттың қабына салып бергеніңе мың шүкір. Бұл жолы да дастарқанымды емес, жүрегімді безендіруге, шамамның жеткенінше айналама мейірім төгуге мүмкіндік берші. Жаратқан жан мен тәннің оразасын қабыл етсін», - деп жазды актриса.

Желі қолданушылары актрисаға қолдау білдіріп, қасиетті айда тілегінің қабыл болуына тілектестігін білдірген.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.