"Қазгидромет" синоптиктері 13, 14 және 15 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Мамандардың мәліметінше, республиканың шығыс және орталық бөлігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады.
Ал Қазақстанның батыс, солтүстік-батыс және солтүстік облыстарында ауа райына батыс циклоны әсер етіп, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады, жел күшейіп, жолдарда көктайғақ болады деп күтіледі.
Еліміздің оңтүстік бөлігінде оңтүстік циклон шұңқырының әсерінен күн ашық болып, бұл аймақтарда ауа райы біршама жылынады деп болжанып отыр.
Сондай-ақ ел аумағы бойынша тұман түседі деп күтілуде.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.