Charity Samruk Marathon – бұл жай ғана жүгіру емес, бұл – өзгеге көмек көрсету мүмкіндігі.
Жақсылыққа қадам: Charity Samruk Marathon сізді күтеді!
1,417
оқылды

Charity Samruk Marathon – «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы ұйымдастыратын жыл сайынғы жүгіру жарысы. Жыл сайын спорт пен қайырымдылықты біріктіретін бұл бастаманың қатысушылар саны көбеюде.

2025 жылғы 3 мамырда Астанада үшінші Charity Samruk Marathon өтеді. Бұл марафон – тек спорттық шара ғана емес, инклюзивті қоғамды дамытуға бағытталған үлкен бастама. Өткен жылғы марафон аясында 127 миллион теңге жиналып, бұл қаражат Астана мектептерінде бес инклюзивті кабинет ашуға жұмсалды.

Нәтижесінде қазір 500-ден астам ерекше қажеттіліктері бар бала қолайлы білім алу мүмкіндігіне ие болды. Биылғы мақсат одан да ауқымды – 3 000-нан астам қатысушыны тарту және жиналған қаражатқа елорда мектептерінде жаңа инклюзивті кабинеттер ашу.

Жүгіруге кез келген адам қатыса алады. Тіркелу samrukmarathon.kz сайтында ашық. Қатысушыларға екі қашықтық ұсынылады – 5 км және 10 км, ал жас санаттары 18 жастан асқан барлық адамдарды қамтиды. Старттық жиынтықтың құны – 10 000 теңге, оған қатысушы нөмірі, фирмалық футболка және естелік сувенирлер кіреді.

Charity Samruk Marathon – бұл жай ғана жүгіру емес, бұл – өзгеге көмек көрсету мүмкіндігі. Әрбір қатысушы инклюзивті білім беруді дамытуға өз үлесін қоса алады. Бұл – жақсылық жолында бірігу, қоғамның қолдауын сезіну және ауқымды спорттық шараның бір бөлшегі болу мүмкіндігі.