Президент Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісін тағайындады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының өкімімен Рақымжан Серікбайұлы Ерназар Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, – делінген ресми хабарламада.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Айдын Жеңісұлы Құлсейітов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.